Условия использования сайта
Редакция от 25 ноября 2026 года
1. Общие положения
1.1. Настоящие Условия определяют порядок использования интернет-ресурса данного сайта (далее: Сайт). Владелец Сайта: товарищество с ограниченной ответственностью «ZAN PROTECT», БИН 240740010655 (далее: Владелец).
1.2. Используя Сайт, Вы подтверждаете, что ознакомились с Условиями. Если Вы с ними не согласны, просим не использовать Сайт.
2. Информационный характер материалов
2.1. Материалы Сайта носят информационный характер, отражают общие положения законодательства Республики Казахстан и не являются юридической консультацией по конкретной ситуации.
2.2. Законодательство и судебная практика меняются. Владелец обновляет материалы, но не гарантирует их актуальность на дату прочтения.
2.3. Решения на основании материалов Сайта без обращения за юридической помощью Вы принимаете самостоятельно и на свой риск.
3. Обращение и договор
3.1. Обращение по контактам, указанным на Сайте, и ответ на него не создают обязательств по оказанию юридической помощи. Юридическая помощь оказывается на основании письменного договора.
3.2. До принятия поручения проводятся изучение, анализ и правовая квалификация дела, после чего Вам разъясняются возможные сценарии.
3.3. Владелец не гарантирует и не обещает определенный результат по делу. Сведения о завершенных делах на Сайте не являются обещанием такого же результата.
3.4. Стоимость услуг на Сайте не публикуется и определяется договором. Сведения на Сайте не являются офертой.
4. Интеллектуальная собственность
4.1. Тексты, фотографии, видеоматериалы и элементы оформления Сайта охраняются Законом Республики Казахстан от 10 июня 1996 года № 6-I «Об авторском праве и смежных правах».
4.2. Цитирование допускается с указанием автора и активной ссылки на Сайт. Иное использование, в том числе в коммерческих целях, допускается только с письменного согласия Владельца.
5. Сторонние ресурсы и работа Сайта
5.1. Сайт содержит ссылки на сервисы WhatsApp и Instagram. Владелец не отвечает за их работу и содержание.
5.2. Владелец не гарантирует бесперебойную работу Сайта.
6. Персональные данные
6.1. Порядок обработки персональных данных определен Политикой конфиденциальности, размещенной на Сайте.
7. Заключительные положения
7.1. К Условиям применяется право Республики Казахстан. Споры разрешаются путем переговоров, а при недостижении согласия — в суде в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
7.2. Владелец вправе изменять Условия. Новая редакция вступает в силу со дня ее размещения на Сайте с указанием даты.
7.3. Условия составлены на казахском и русском языках. Тексты имеют одинаковую силу.
7.4. Контакты: телефон и WhatsApp +7 706 618 31 01.
Сайтты пайдалану шарттары
2026 жылғы 25 қарашадағы редакциясы
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Шарттар осы сайт интернет-ресурсын (бұдан әрі: Сайт) пайдалану тәртібін айқындайды. Сайт иесі: «ZAN PROTECT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 240740010655 (бұдан әрі: Сайт иесі).
1.2. Сайтты пайдалана отырып, Сіз Шарттармен танысқаныңызды растайсыз. Егер олармен келіспесеңіз, Сайтты пайдаланбауыңызды сұраймыз.
2. Материалдардың ақпараттық сипаты
2.1. Сайт материалдары ақпараттық сипатта, Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы ережелерін көрсетеді және нақты жағдай бойынша заң консультациясы болып табылмайды.
2.2. Заңнама мен сот практикасы өзгеріп отырады. Сайт иесі материалдарды жаңартады, бірақ олардың оқылған күнгі өзектілігіне кепілдік бермейді.
2.3. Заң көмегіне жүгінбей, Сайт материалдары негізінде қабылданған шешімдерді Сіз өз бетіңізше және өз тәуекеліңізбен қабылдайсыз.
3. Өтініш және шарт
3.1. Сайттағы байланыс деректері арқылы жүгіну және оған берілген жауап заң көмегін көрсету жөніндегі міндеттемелерді туындатпайды. Заң көмегі жазбаша шарт негізінде көрсетіледі.
3.2. Тапсырма қабылданғанға дейін іс зерделенеді, талданады және құқықтық тұрғыдан сараланады, содан кейін Сізге ықтимал сценарийлер түсіндіріледі.
3.3. Сайт иесі іс бойынша белгілі бір нәтижеге кепілдік бермейді және уәде етпейді. Сайттағы аяқталған істер туралы мәліметтер дәл сондай нәтижеге уәде болып табылмайды.
3.4. Қызметтердің құны Сайтта жарияланбайды және шартта айқындалады. Сайттағы мәліметтер оферта болып табылмайды.
4. Зияткерлік меншік
4.1. Сайттағы мәтіндер, фотосуреттер, бейнематериалдар және безендіру элементтері «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалады.
4.2. Автор көрсетілген және Сайтқа белсенді сілтеме жасалған жағдайда дәйексөз келтіруге жол беріледі. Өзге пайдалануға, оның ішінде коммерциялық мақсатта пайдалануға тек Сайт иесінің жазбаша келісімімен жол беріледі.
5. Бөгде ресурстар және Сайттың жұмысы
5.1. Сайтта WhatsApp және Instagram сервистеріне сілтемелер бар. Сайт иесі олардың жұмысы мен мазмұны үшін жауап бермейді.
5.2. Сайт иесі Сайттың үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.
6. Дербес деректер
6.1. Дербес деректерді өңдеу тәртібі Сайтта орналастырылған Құпиялылық саясатында айқындалған.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Шарттарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады. Даулар келіссөздер арқылы, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта шешіледі.
7.2. Сайт иесі Шарттарды өзгертуге құқылы. Жаңа редакция күні көрсетіле отырып Сайтта орналастырылған күннен бастап күшіне енеді.
7.3. Шарттар қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Мәтіндердің күші бірдей.
7.4. Байланыс деректері: телефон және WhatsApp +7 706 618 31 01.